Су тасқыны. Ақтөбенің Қопа ауылындағы бөгетті күрделі жөндеу басталды

5 Шілде 2024, 11:13
354
Бөлісу:
Су тасқыны. Ақтөбенің Қопа ауылындағы бөгетті күрделі жөндеу басталды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Жұмыстар биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады деген жоспар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекенов мәлімдеді. Бүгінде Қопа елдімекенінде 42 түтін, 250-ден астам тұрғын бар. Су тасқыны кезінде бірде-бір үйді су басқан жоқ. Десек те, бөгет күрделі жөндеуді қажет етіпті. Құрылыс жұмыстары басталды, оған тартылған жұмысшылар мен техникалар саны жеткілікті. 

Қазіргі таңда Темір ауданы Қопа елді мекенінде орналасқан гидротехникалық құрылғылардың күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер компанияның 20-дан астам, 2 жүк тиегіш, 1 экскаватор, 2 жол тегістейтін және барлық қажетті техника бар, - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекенов.

Өзгелердің жаңалығы