Су тасқыны. Ақмола облысының үш ауданында төтенше жағдай жарияланды

11 Сәуір 2024, 19:56
3388
Бөлісу:
Су тасқыны. Ақмола облысының үш ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Бүгін Жабай, Есіл, Жаныспай, Қызылсу өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысының Есіл, Жарқайың және Атбасар аудандарында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындарды эвакуациялау үшін арнайы эвакуациялық пункттер дайындалды. Мал қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Жалпы облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралардың барлық кешені, оның ішінде мұз кептелістерін жою мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Елді мекендердің қауіпсіздігі үшін ұзындығы 38 км, су объектілерінің жағалау сызығының 18 км, 5 км қорғау бөгеттері тұрғызылды және нығайтылды, 2 млн.текше метрден астам су сорылды, инертті материалы бар 150 мыңнан астам қапшық төселді, 200 км астам каналдар мен арықтар тазартылды және тереңдетілді, 1442 су өткізу құрылыстары тазартылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы