Алматылықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бір аптаның ішінде 10 тонна гуманитарлық көмек жинады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 30-дан астам ірі волонтерлік ұйымынан 100-ден астам еріктілер жұмылдырылды.
Алмалы ауданының комьюнити орталығында 29 наурыздан бастап қабылдау пункті ашылған болатын. 4 сәуірге дейін 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналып бірінші бөлігін Орал қаласына жіберіп жатырмыз. Бізге көмек көрсетіп жатқан Air Astana компаниясына алғыс білдіреміз. Бұл заттарды волонтерлік ұйымының 5 адамы жеткізетін болады. Барлық жеткізу жол қаражатын өзіміз көтеріп аламыз. Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасында 30-дан астам волонтерлерлік ұйымдарды қамтитын волонтерлер фронт-офисі бар. Соның аясында жүзеге асырылған болатын. Гуманитарлық көмекті жинауға қала тұрғындары, қала кәсіпкерлері белсене ат салысты. Барлығына алғыс білдіреміз. Гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 30-дан астам ірі волонтерлік ұйымынан 100-ден астам еріктілер жұмылдырылды. Халықтың аманатын аман-есен жеткіземіз деген үміттеміз,- дейді Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасары Азиз Кажденбек.
Нәтижесінде 6 күннің ішінде 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Атап айтқанда 2,5 тоннадан астам киім, 1 тоннадан астам гигиеналық құралдар, 3,5 тоннадан астам азық-түлік, тұрмыстық заттар және т.б. бар.
Гуманитарлық көмекті осы аптаның соңына дейін күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін тапсыруға болады.
Мекенжайы: Алмалы ауданының комьюнити-орталығы, Байтұрсынов көшесі, 22к1.
Байланыс номері: +7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40