Алмалы ауылының жағалауында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері кезекшілік етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алмалы ауылының Атырау маңында орналасқан Жайық өзенінің 16-20 учаскелерінде Жамбыл облысының 21450 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Атырау облысының спорт басқармасының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етуде.
Аталған аймаққа 50-ге жуық сарбаз және 17 мемлекеттік қызметші жұмылдырылған учаскеде 7 арнайы техника бөлінді, - делінген Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратқан ақпаратта.