Атырау халықаралық әуежайы ТЖ жағдайында штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
Атырау халықаралық әуежайының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы Андрей Венгринюк мәлімдегендей, ТЖ режимі аясында 10 сәуірден бастап Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына қосымша рейстер ашылған.
10 сәуір мен 15 сәуір аралығындағы кезеңде қосымша рейстердің саны екі есе көбейтіліп, оларды 8 300 адам пайдаланды. Бұл ретте, Атырау халықаралық әуежайына салмақ түсіп тұрған жоқ, нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деді Венгринюк.