Су тасқыны: 55 мың адам өз үйіне оралды

13 Мамыр 2024, 14:02
404
Бөлісу:
Су тасқыны: 55 мың адам өз үйіне оралды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Су тасқыны басталғалы бері республика бойынша 119 мыңнан астам адам құтқарылып, эвакуацияланды. 55 626 адам өз үйлеріне оралды. 5 291 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республика бойынша 19,4 млн еріген қар суы сорлып, 11 205 жеке тұрғын үй мен 3 516 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 7,8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 7 205   адам, 983 техника, 298 су сору құралы және 54 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан үйлер мен аула аумақтарынан судың бағытын бұрып, су сору жұмыстары, күн сайынғы  аэровизуалды тексеру және құрғатылған аумақты дезенфекциялау жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 232 092 текше метр еріген қар суы сорлып, 71 тұрғын үй мен 166 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды,

Атырау облысының  Құлсары қаласында су басқан үйлерден су сору жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 239 194 текше метр су сорылды, 22 мың қапшық және 2 479 инертті материал төселді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг және Құрманғазы ауданында бөгеттерді нығайту жүргізілуде.

Өткен тәулікте Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 1 740 қапшық пен 173 тонна инертті материал төселді, салынған бөгендер нығайтылуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары және Торғай өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда.

Өзгелердің жаңалығы