Су тасқыны: 18651 адам үйлеріне оралды

18 Сәуір 2024, 10:10
758
Бөлісу:
Су тасқыны: 18651 адам үйлеріне оралды
Фото: ТЖМ

Бұл туралы Орьалық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде су тасқыны қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта 18651 адам өз үйлеріне оралды. Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен жануарларды эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. 6887 адам, оның ішінде 3166 бала эвакуациялау пункттерінде. 4216 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды, - деді Ерасыл Сайпаш. 

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде 10,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылса, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселген.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5718 жеке тұрғын үй, 1130 аула аумағы су астында қалуда. ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының психологтары су тасқыны қаупі бар өңірлердің тұрғындарына шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілікті атқаруда. Жедел желі телефонына 1 932 қоңырау түсті. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 44 156 адам, 4 611 техника, 860 су сору құралы, 332 жүзу құралы, 18 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді жұмыс істеп жатыр, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы