Су тасқыны. 12 мыңнан аса адам пойыз арқылы тасымалданды

12 Сәуір 2024, 17:43
461
Бөлісу:
Су тасқыны. 12 мыңнан аса адам пойыз арқылы тасымалданды
Фото: ҚТЖ

Су тасқыны кезінде 12 мыңнан астам адам мен 1000 бірлік техника ҚТЖ пойыздарымен тасымалданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Су тасқынынан зардап шеккен 12 мыңға жуық әскери қызметші, еріктілер мен құтқарушылар ҚТЖ пойыздарымен тасымалданды:

- 8,9 мың жолаушы су басу аймақтарынан жолаушылар вагондарымен шығарылды.

- 540 бала - емдеу-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерлеріне.

-авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, Ұлттық ұланның 2,6 мыңнан астам жеке құрамы.

- Төтенше жағдайды жою үшін 1000 бірлік ауыр техника, 1500 тонна кесек тас, 5600 тонна қиыршық тас.

- 45 шаюға қарсы және 47 өрт сөндіру пойыздары құрылды.

- ҚТЖ арнайы пойыздарымен 9,9 мың текше метрден астам еріген су сорылды.

- Табиғи апатпен күресу үшін 23 мыңнан астам теміржолшы жұмылдырылды.

- 930 волонтер-теміржолшы жұмылдырылды. 2,6 тонна гуманитарлық көмек жиналды.

- "ҚТЖ" ҰК" АҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін 2 млрд теңге бөлді.

Гуманитарлық жүкті тасымалдауға, адамдарды су басу аймақтарынан эвакуациялауға басымдық беріледі.

Су тасқыны кезеңінде магистральдық теміржол инфрақұрылымын шайып кетуге жол берілмеді. Теміржол күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы