Су тасқыны: Жетісайлықтарға алаңдауға негіз жоқ

2 Мамыр 2020, 00:18
5070
Бөлісу:
Су тасқыны: Жетісайлықтарға алаңдауға негіз жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 5:30-да Өзбекстан республикасының Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының тоғаны жарылғаны жөнінде ресми хабарланды.


Сағат 20:00-де қоймадағы шамамен 200 млн текше метр судың барлығы сыртқа ағып біткен. Судың бір бөлігі екі ел арасы шекарасындағы орталық қашыртқы канал арқылы Арнасай бағытына ағызылуда. Жағдай ТЖ жөніндегі қызметтерімен бақылануда. Қашыртқы канал судың ағысына тежеп беруде. Тек жол жөнекей арнадағы су лық толы болуынан егістік жерлерге зәктеп шығуда, бірақ елді мекендерге зардабын тигізбеуде. Сондықтан жетісайлықтарға алаңдауға негіз жоқ. Ұйқыларыңыз тыныш болсын құрметті жерлестер!, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Өзбекстанда бөгет жарылып, бірнеше елді мекенді су басқаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы