Су тасқыны. "Жас Отан" еріктілері көмекке жіберілді

8 Мамыр 2020, 13:38
2031
Бөлісу:
Су тасқыны. "Жас Отан" еріктілері көмекке жіберілді
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында су тасқынынан зардап шеккен адамдарға 70 тоннадан астам гуманитарлық және 50 миллион теңгедей көмек жіберді.

Бұл туралы  "Nur Otan" партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте атап өтті. 
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету бойынша шаралар қолданылуда. Бүгін Алматы қаласы Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында су тасқынынан зардап шеккен адамдарға 70 тоннадан астам гуманитарлық және 50 миллион теңгедей көмек жіберілді. Оның ішінде киім, төсек-орындар, аса қажет азық-түлік және тағы басқа заттар бар, - деді спикер. 

Спикер соңғы күндері Мақтаарал және Жетісай аудандарынын елді мекендері апат салдарынан нағыз соғыс майданына айналғандығын тілге тиек етті. 
Бүгінгі таңда 10 "Жас Отан" еріктілері көмекке жібердік. Олар зардап шеккен адамдарға төсек-орын, азық-түлік , киімдер тарату жұмыстарына қатысады. Алдағы уақытта тағы да бірнеше ерікті жібереміз деген ойдамыз, - деді Станислав Канкуров.
Алматының бірқатар кәсіпкері мен ірі кәсіпорындары қол ұштарын созды.
Аз уақыттың ішінде алматылықтар, соның ішінде "Nur Otan"партиясының мүшелері бұл жағдайға бей-жай қарай алмадық. Көп түкірсе көл демекші барлығымыз осы аудан тұрғындарына көмектескіміз келеді. Өз басым қайырымдылық қызмет  ашықтықты, айқындықты, есеп беруді талап етеді деп ойлаймын. Осы талаптарды басшылыққа ала отырып, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қаламыздың бірқатар кәсіпкері мен ірі кәсіпорындар өз көмек қол ұштарын созды, - деді партия мүшесі. 

Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімімен әрқашан байланыста екендігін сөз етіп, алдағы уақытта жағдайға байланысты тағы да көмек жіберетінін айтты.


Өзгелердің жаңалығы