Су тасқыны. Қауіпті аймақтардың ахуалдық картасы әзірленді

6 Мамыр 2020, 12:25
2703
Бөлісу:
Су тасқыны. Қауіпті аймақтардың ахуалдық картасы әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ қосымша күштері мен құралдары Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы ТЖ-ның салдарын жою жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады ​ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

 ​
5 мамырда күндіз Түркістан облысының аумағындағы ТЖ-ның салдарын жою үшін Шымкент қаласы (21 адам, 10 бірлік техника, мотопомп), Жамбыл (50 адам, 27 бірлік техника, жүзу құралдары, мотопомпалар) және Қызылорда облысы (45 адам, 21 бірлік техника, жүзу құралдары және мотопомпалар) ТЖ департаменттерінен құрамында жеке құрамнан 116 адам, 58 бірлік техника, жүзу құралдары және мотопомпалар бар қосымша күштері мен құралдар келді.

помпа2.jpeg

Бұдан басқа, 6 мамырда таңертең Шымкент қаласы және Түркістан облысы ТЖД жеке құрамымен 6 тіркемелі мотопомпа қосымша күштер мен құралдар жіберілді.
Алматы қаласынан Ұлттық ұлан әскери бөлімінің күштері мен құралдары (160 адам, 15 бірлік техника) түнде Шымкент қаласына келіп жетіп, қазір оқиға орнынан бара жатыр. ІІМ-нің келіп жеткен күштері мен құралдарының жалпы саны жеке құрамнан 335 адам, 112 бірлік техника, жүзу құралдары мен мотопомпадан тұрады, - делінген ақпаратта.
помпа3.jpeg

5 мамырда кешке Шымкент қаласынан, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан келіп жеткен ТЖК күштері мен құралдары құтқарушыларды орналастыру үшін лагерь орнатты.

помпа1.jpeg

Өткен тәулікте келіп жеткен Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы ТЖД күштері 2 млн жуық текше метр су сорып шығарды. Қоғалы, Нұрлы жол, Фердоуси, Ырысты, Қарақыр, Өргебас елді мекендерінде ұзындығы 15 шақырым бөгетті нығайтып, 85600 құм салынған қап төседі. Қосымша тартылған инженерлік техника Мырзакент кентінде шатырлы қалашықта орналасқан. Әрбір 2 сағат сайын су деңгейіне мониторинг жүргізіледі, жедел штабтың тұрақты бақылауында. Су басқан учаскелер мен қауіпті елді мекендер аймақтарының ахуалдық картасы әзірленді.

Жедел штаб Мырзакент елді мекенінде аудандық әкімдік ғимаратында орналасқан. Штабта ҚР ІІМ ТЖК және Ұлттық ұланның, ҚР ҰҚК ШҚ, Түркістан облысының ТЖД, Түркістан облысының полиция департаментінің өкілдері жұмыс істейді.

помпа4.jpeg

Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге ішкі істер, қорғаныс министрліктерінің және жергілікті атқарушы органдардың 986 адам, 180 бірлік техника мен 4 жүзу құралы жұмылдырылды. Жою жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, еріктілер қатысуда.



Өзгелердің жаңалығы