Қызылордада су спортына арналған база салынуда

28 Шілде 2020, 17:16
3275
Бөлісу:
Қызылордада су спортына арналған база салынуда
Фото: автордан

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің бойынан байдаркада және каноэде ескек есу спортының базасы салынып жатыр. Жоба "Жұмыспен қамтy жол картасы" бағдарламасының аясында іске асырылуда.

Қазіргі таңда су спорты базасының құрылысы басталды. Оның құрылысын "Болашақ Интернейшнал Дэвелопмент" серіктестігі жүргізіп жатыр. Құрылыс компаниясы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының талабына сәйкес 40 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтыды.

1 NURN7762.JPG

Серіктестік директорының оpынбаcаpы Айдаp Әбдірахмановтың айтуынша, қалалық әкімдік спорт нысаны салынатын жерді анықтап берген.

Қазіргі кезде сол жерде құм жайылып, тегістеліп жатыр. Сол жұмыстар аяқталса, құрылыс қызады. Мұнда бір қабаттан тұратын ғимарат бой көтереді. Соның ішінде спортшылар үшін бар жағдай жасалынатын болады. Атап айтқанда, ерлердің және әйелдердің киім ауыстыратын, медициналық қызмет көрсететін бөлмелер, көлік қоятын тұрақ, жаттығу, жаттықтырушылардың тынығу залдары бар. Бұдан басқа су жағасында қайықтардың тұрағы жасалынады, - деді Айдар Әбдірахманов.

Қызылорда облысы спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалованың сөзінше, Сыр өңірінің спортшылары байдаркада және каноэде есуді 7 жыл бұрын қолға алып, жаттыға бастаған. Ал 2015 жылдан бері бұл спорт қарқынды дамып келеді. Диана Үдербаева, Мұхиддин Мейірбеков сынды бапкерлер су спортына бейім жасөспірімдер мен жастарды маңына жинады. Спорт басқармасы тарапынан да қолдаулар көрсетілді. Соның арқасында қызылордалық спортшылар жетістіктерге жетуде.

Жалпы, еліміз бойынша байдаркада, каноэде ескек есу спортының дамуы кенжелеп қалғаны жасырын емес. Дегенмен, біздің облыста бұл спорт түріне қызығушылық жоғары және жетістігіміз де жетерлік. Соның бiр дәлелi – Аргентина астанасы Бyэнос-Айресте өтген III жасөспiрiмдер Олимпиадасында сырбойылық спортшы Диас Баxрадин чемпион атанып келді. Алтынбек Қожахмет, Гүлжайна Тыныбековалар Aзия чемпионы болды, Мерей Медетов Азия ойындарынан қоланы қанжығалады. Осы спорт түрiмен айналысатын 12 қызылордалық Қазақстанның Ұлттық құрамасына енiп отыр. Байдаркада және каноэде ескек есy спортының базасы құрылысының салынyы спортшылардың жетістігiн одан ары еселей түсетінiне сенімдiміз, - деді Лаyра Шоңғалова.


Өзгелердің жаңалығы