Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі қалалар мен ауылдардағы су құбыры мен су шығару жүйесінде әлі талай істі атқару керек.
«Қазақстан су арнасы» қауымдастығынің үйлестіруші менеджері Валерий Тагубардың айтуынша, Қазақстан су жүйесінде атқару керек бірнеше міндет тұр.
«Қазақстанның су шаруашылығы алдында үлкен жұмыс тұр. Алдыңғы кезекте біз халықты сапалы ауызсумен қамту және су шығару жүйесін реттеуді қолға алу керек. Қалалар мен ауылдардағы су құбыры мен су шығару жүйесінде әлі талай істі атқару керек. Сондықтан осы жүйелерді модернизациялау – бірінші мәселе. Ал, қауымдастықтың міндеті – кәсіпорындарды басқару менеджментін жақсарту және кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, жұмыс сапасын жақсарту да – басты міндет», - деді Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумында Валерий Тагубар.
Айтуынша, Будапештегі су каналы әлемдегі ең озық жүйе бойынша жұмыс істейді.
«Біз басқа елдердегі су жүйесіне қатысты қауымдастықтармен кәсіби деңгейде тәжірибе алмасып жүрміз. Венгриялық әріптестермен де солай. Енді міне ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін біздің қызметкерлерді олардың ауызсу құбыры мен су шығару жүйесіндегі тәжірибе алмасу процесін жетілдіреді. Будапештегі су каналының қалай жұмыс істейтінін білеміз. Әлемдегі ең керемет жүйелердің бірі. Бізге тіпті сапалы кадр дайындаудағы жұмысының өзі қызық. Екіжақты білім беру бағдарламаларын жасасақ та игі болар еді. Ал, техникалық модернизацияға келетін болсақ, бүгінде біздің қауымдастық пен венгриялық қауымдастықтың құрамына кіретін жабдықтар әзірлейтін өндірушілердің өнімін қолданып келеміз. Яғни, екі елмен бекітілген материалдық жабдықтар қазір пайдаланылып жатыр», - деді Валерий Тагубар.
Нұр-Сұлтанда Мажарстан премьер-министрінің орынбасары-қаржы минстрі Михай Варганың Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтіп жатыр. Бүгінде Қазақстанда 40-қа жуық кәсіпорын венгриялық капиталдың қатысуымен жұмыс істеп жатқанын ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтқан болатын.
Сонымен қатар, Мажарстан премьер-министрінің орынбасары бүгінгі әлемдік өзгеріс Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынасқа тиімді мүмкіндіктер туғызып отырғанын жеткізді.