Су ресурстары министрлігі: 2 трлн теңге бөлу туралы әңгіме болған емес

30 Қаңтар 2024, 19:23
885
Бөлісу:
Су ресурстары министрлігі: 2 трлн теңге бөлу туралы әңгіме болған емес
Фото: pixabay.com

Су ресурстары және ирригация министрлігіне су ресурстарының жүйесін толықтай дамытуға 2 триллион теңге бөлінген жоқ. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су ресурстары және ирригация министрлігіне су ресурстарының жүйесін толықтай дамытуға 2 триллион теңге бөлінбеді. Министрлікке бөлінген жалпы бюджет шамамен 110 миллиард теңге. Оның 25 млрд-ы су шаруашылығы объектілерінің жағдайын жақсарту үшін әкімдіктерге жіберіледі, қалған бөлігі су шаруашылығы объектілерін салуға және реконструкциялауға, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін топтық су құбырларын салуға, суару желілерін реконструкциялауға, ирригациялық жұмыстарға, су саласы қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге және т.б. жіберіледі, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы.

Министрліктің мәліметінше, 2 триллион теңге - бұл сарапшылардың еліміздің су ресурстары жүйесін толықтай, соның ішінде тозығы жеткен су объектілерінің қалпына келтіру үшін қажет деген есептері. Мұндай соманы бөлу туралы әңгіме болған емес.

Мөлдір Әбдуалиева атап өткендей, министрлік су ресурстарын дамыту үшін жеке инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жүргізеді. Мысалы, өткен аптада министр халықаралық корпорациялардың бірінің өкілдерімен кездесіп, инвестиция тарту мәселесін талқылады.

Бұған дейін Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су ресурстары жүйесін дамытуға қанша қаржы кететіні жайлы сөз қозғаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы