Су қоймаларда жиналған тасқын суы ауыл шаруашылығында пайдаланылады

3 Мамыр 2024, 19:35
526
Бөлісу:
Су қоймаларда жиналған тасқын суы ауыл шаруашылығында пайдаланылады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Еліміздің су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева бүгінгі күнге еліміздің су қоймаларындағы жағдайды баяндады.

«Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын жалғастыруда. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Облыстағы төрт ірі су қоймасы 90%-ға толды.

Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 806 см. Ол бір тәулікте 7 см-ге төмендеді.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,75 млн текше метр су жіберіледі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы және транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.

Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі-1208 см. Ол бір тәулікте 30 см-ге төмендеді.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 96%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 83%. Өңірде су тасқыны жалғасуда.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 44,4%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік салалардың ұлғаюына байланысты Ертіс өзеніне ағын жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 98,5%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Облыста су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі, - деді министрліктің ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы