Су тасқыны. Мырзакенттен тұрғындарды эвакуациялау басталды

2 Мамыр 2020, 22:49
2323
Бөлісу:
Су тасқыны. Мырзакенттен тұрғындарды эвакуациялау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданында тұрғындарды эвакуациялау жүргізіле бастады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан орталығы Мырзакент кентінде су басу қаупі туындауына байланысты тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде. Осы мақсатта 68 автобус әзірленіп, Достық каналының бойындағы көпірге және орталық базар маңына қойылған. Сондай-ақ, эвакуациялау жұмыстарына 60 төтенше жағдай қызметкері, 300 әскер, 50 полиция қызметкері жұмылдырылған. Аталған жұмыстарға Жетісай, Шардара, Келес, Сарыағаш аудандарының әкімдері мен әкімдік қызметкерлері де атсалысуда . Көрші-қолаңдарыңызға ескертіңіздер. Жылы киім мен құжаттарыңызды алып алыңыздар. Газ, су, электр жарығын сөндіруді ұмытпаңыздар! Сонымен қатар, көлігі бар азаматтар эвакуация жасауға атсалысуларыңызды сұраймыз - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасындағы бөгеттердің бірі жарылып, айналасындағы елді мекендерді су басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды. 

Өзгелердің жаңалығы