Бұл сұрақтың жауабын Республикалық ақпараттық штабының брифингінде ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Су тасқыны қиын өңірлерде азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтық тәртіпті және қараусыз қалған мүлікті қорғауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Бір айдан бері тәртіп сақшылары күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруды жалғастырып жатыр, - дейді ол.
Су басқан өңірлерде патрульдеу және кезекшілік тәулік бойы жүреді.
Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардың ешқайсысы ықтимал су басу аймағында қалмауы үшін кенттер бойынша жаппай рейдтер жүргізуде. Қараусыз қалған мүлікті қорғау үшін полиция 54 елді мекенді қоршауға алды. Қазір полицияның қорғауында 10 416 қараусыз қалған тұрғын үйлер мен басқа да нысандар бар, - деді Алекешев.