Су басқан елді мекендерде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді

3 Сәуір 2024, 10:18
445
Бөлісу:
Су басқан елді мекендерде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді
Фото: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Вице-министр Айжан Есмағамбетованың төрағалығымен Комитет, ҰCО, ҚДСҰО, аумақтық департаменттер мен обаға қарсы станциялар басшылығының қатысуымен су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырыс барысында аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары баяндама жасады. Олардың ақпараты бойынша су басқан елді мекендердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға мониторинг жүргізілуде. Мониторинг көрсеткендей, вакциналарды сақтау қоймалары орналасқан медициналық ұйымдарды су басу жағдайлары тіркелмеген, сақтау шарттары сақталуда.

Баяндамашылардың ақпаратын тыңдаған Айжан Есмағамбетова халық арасында, БАҚ және әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін тілге тиек етті. Кеңес қорытындысы бойынша Комитетке және оның аумақтық департаменттеріне осы өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуді бақылауды күшейтуді, оның ішінде сумен жабдықтау объектілеріне, мал қорымдарына, сібір жарасы қабірлеріне, кәріздерге, зираттарға сапалы мониторинг жүргізуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы