Су басқан ауылдағы іс шаралар оң нәтежие көрсетуде

7 Сәуір 2024, 11:07
481
Бөлісу:
Су басқан ауылдағы іс шаралар оң нәтежие көрсетуде
Фото: Аманат партиясы

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Нуржан Әшімбетов, облыстық маслихат депутаты Асылбек Туғанбай Ертіс ауданы Ұзынсу ауылына және Ақтоғай ауданына қарасты Жалаулы ауылдарында болды.

Депутаттар ауылдың қазіргі жағдайымен танысып атқарылған жұмыстарға назар аударды.

Ауыл ішін судан тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыстан керекті техникалық көліктермен қатар жұмыс күші де арттырылған.Мәселен, Жалаулы ауылынан 1.5 шақырым алыс аумаққа ауыл ішін судан босату үшін қазандықтар даярланып арнайы сорғылармен жабдықталған», – деді депутаттар.

Сонымен қатар ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Нуржан Әшімбетов қарғын судан жапа шеккен тұрғындарға толыққанды көмек көрсетілетіндігін атап өтті. Атап айтсақ, Жалаулыдағы үйіне су кірген 14 үйдің бесеуі жарамсыз болып қалған. Оның орнына бес жаңа үй бой көтеретін болады.

Қалған тоғыз үйдің тұрғындарына келтірілген шығын көлеміне қарай 3,5-6,5 млн. теңге аралығында қаржылай көмек көрсетіледтін болады. Ұзынсу ауылындағы зиян келтірілген бес үйге де көмек қолы созылады.

Өзгелердің жаңалығы