Су айдындарындағы рейдтер жалғасуда

23 Тамыз 2024, 09:48
279
Бөлісу:
Су айдындарындағы рейдтер жалғасуда
Фото: BAQ.KZ -архив

Атырау облысында құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп өңір акваторияларында жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін рейдтер өткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Профилактикалық жұмыстарға барлығы 3 жүзу құралындағы 7 адам және жағалауда 100-ге жуық қызметкер жұмылдырылған. Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 51 адамға, оның ішінде 12 жасөспірімге әкімшілік хаттама рәсімделді. Балалардың ата-аналарымен түсіндірме жұмысы жүргізілді. 

ТЖМ барлық азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы