Студенттерге заң мен тәртіп қағидаттары түсіндірілді

2 Сәуір 2025, 16:20
370
Бөлісу:
Студенттерге заң мен тәртіп қағидаттары түсіндірілді
Фото: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Kozybayev University студенттеріне "Адалдық сағатын" өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төрт жүзге жуық қатысушыны жинаған іс-шара "Заң мен тәртіп"нарративін ілгерілетудегі, сондай-ақ жастар арасында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайтудағы маңызды қадам болды.

Облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев жастар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметінің негізгі бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталып, қатысушылардың назарын құқық қорғау органына түсу үшін қажетті талаптарға ерекше назар аударды.

Студенттерге заң мен тәртіп қағидаттары түсіндірілді

Өз кезегінде университет басшылығы оқушыларды моральдық-адамгершілік тәрбиелеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде оқу орнының қабырғасында академиялық адалдық қағидаттарын бекіту және оқу процесінің ашықтығын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тәжірибелерді енгізу бойынша комплаенс-қызметтің қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті.

Студенттерге заң мен тәртіп қағидаттары түсіндірілді
Өзгелердің жаңалығы