Студенттердің тәжірибеден өте алатынын, өте алмайтынын ешкім қадағаламайды – Аймағамбетов

7 Маусым 2022, 14:19
1776
Бөлісу:
Студенттердің тәжірибеден өте алатынын, өте алмайтынын ешкім қадағаламайды – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді дайындайтын университеттерге тапсырма берді.

Педагогикалық білімді жетілдіру бойынша тиісті шешімді қабылдадық. Ол бойынша жобаның дизайнын жасадық. Оны енгізу керек. Оның ішінде кәсіби стандарттар, осы мамандыққа кірудің механизмдері бар. Жалпы барлық мәселе қарастырылды. Енді оны күнделікті тәжірибеге енгізуіміз керек. Университеттер бойынша талдау жасау қажет. Биыл педагогикалық мамандықтарда оқитын түлектердің алған балдарын да көріп отырмыз, - деді министр.

Аймағамбетов тапсырманың нәтижемен тең болмай шығатынын айтады.

Айтылуы айтылады. Бірақ нақты нәтижеге келгенде айтылған дүниемен тең болмай шығады. Әрине динамика бар. Оны ешкім жасырмайды. Бірақ егер жоспарлаған мәселенің бәрі тиісті деңгейде іске асырылса, жағдай басқаша болушы еді. Мәселе білім беру бағдарламаларының жаңартылуында, тәжірибеден өтіп, тиісті жұмыстарға орналастыруда. Студенттердің тәжірибеден өте алатынын, өте алмайтынын ешкім қадағаламайды. Мәселе көп, бірақ нақты істеліп жатқан жұмыс жеткіліксіз, - деп айтты Білім басшысы.

Аймағамбетов университеттерге педагогикалық білімді жетілдіру бойынша жол картасындағы тапсырмаларды іске асыруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы