Студенттерден ПТР тестінің нәтижелерін талап етуге болмайды – БҒМ

27 Тамыз 2021, 17:30
10024
Бөлісу:
Студенттерден ПТР тестінің нәтижелерін талап етуге болмайды – БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жоғары оқу орындарының оқу процесі қалай ұйымдастырылатынына тоқталды.

Алдағы оқу жылында еліміздің жоғарғы оқу орындарында білім алатын студенттер оқуды дәстүрлі форматта бастайды. Университеттердің шешімі бойынша оқуды аралас форматта да өткізуге болады. Яғни дәрістер, лекциялар онлайн форматта, ал семинар, зертханалық, практикалық сабақтарды офлайн форматта өткізуге болады, - деді ол.
Айтуынша, қашықтан оқыту форматында ерекше білімді қажет ететін және студенттердің тәуекел топтарына қатысты қолданылуы мүмкін.
Оқу жылының басталуы оқу курсына қарай өзгеруі мүмкін. Мысалы, 3-4-курстар 1 қыркүйекте, ал 1-2-курс, магистранттар қыркүйектің соңына дейін бастаса болады. Яғни мұның барлығы университет бекіткен академиялық күнтізбеге сәйкес болуы керек, - деп түсіндірді Қуаныш Ерғалиев.
Сондай-ақ ЖОО-ның аумағы, оқу корпустары, кітапхана, жатақханаларда міндетті түрде Ashyq жүйесі қолданылуы міндетті.

Оқу ғимараттарына «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар білім алушылар кіргізіледі. Оқу ғимаратына не жатақханаға кірген кезде студенттің дене қызуы тексеріледі. Сонымен қатар міндетті түрде антисептиктер қолданылып, маска режимі сақталады.

Вице-министр студенттерден ПТР тестінің нәтижелерін талап етуге болмайтынын атап өтті.

Студенттер арасында коронавирус індетіне қарсы вакцина алудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ оқу ақысына немесе жатақханада тұру ақысы сияқты жеңілдіктер беріліп жатыр. Одан бөлек, ЖОО қызметкерлеріне де сыйақы және басқа да ынталандыру шаралары қабылданып жатыр, - деді атап өтті БҒМ өкілі.
Айта кетейік, бүгінгі брифингте ел бойынша 250-ден аса мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгені белгілі болды.
Өзгелердің жаңалығы