Енді қазақстандық студенттер Ресейге ұшақпен бара алады

11 Қазан 2020, 16:43
1516
Бөлісу:
Енді қазақстандық студенттер Ресейге ұшақпен бара алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуе өткізу пункттері арқылы РФ-ға келген студент көші-қон картасында сапарының мақсатын «оқу» деп көрсете алады.

Оның негізінде оқу орны студенттің елде болу кезеңіне тіркеуді рәсімдейді.

Ресейге үшінші елдер арқылы транзитпен келу үшін сол елдерде тұруға рұқсат қағазы болуы керек. Мысалы, егер ҚР азаматы Ресейге Қазақстаннан емес, Түркиядан ұшуға шешім қабылдаса, ол Ресейге тек Түркияда тұруға рұқсаты бар кезде ғана кіре алады, - деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі. 

Рейстер аптасына екі рет AirAstana және «Аэрофлот» әуе компанияларымен жүзеге асырылады. Әуе билеттерінің кестесі мен құнын компаниялардың веб-сайттарынан қарауға болады. Ресейге келгендер коронавирусқа теріс ПТР-сынамасы туралы анықтаманы рейске 72 сағат қалғандағы мерзіммен алуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы