Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жайлы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Жатақхана мекенжайы бойынша тіркелу үшін студенттер университеттен хат алып, оны ХҚКО-ға апаруы тиіс. Назарбаев университет өкілдері осы үрдісті жеңілдетіп, жастарды артық күйбеңнен арылту туралы ұсыныс жасады. Жуырда өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында студенттерді мекенжай бойынша онлайн тіркеу мүмкіндігін университетке беру жөнінде мәселе көтердік, - дейді министр.
Ол осы мәселеге орай ҚР ІІМ-мен ортақ ымыраға келгенін айтты.
Жақын арада осы сервисті Egov mobile-ға енгізіп, студенттерді «прописка» үшін ХҚКО-ға бару міндетінен босатамыз - деді министр.