Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы келісімдердің маңызына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ғасырлар бойы қалыптасқан мызғымас достық пен бауырластықты бекемдей түсу, өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа белеске көтеру - екі елдің ортақ мақсаты. Екіжақты ықпалдастықты дамыту үшін бүгінгі кеңестің отырысы өте маңызды. Қабылданатын шешімдердің де стратегиялық мәні бар. Мен жоғары мемлекетаралық кеңес жұмысы қазақ-өзбек қатынасын дамытуға тың серпін береді деп сенемін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен шағын құрамдағы кездесуде.
Бұған дейін Мемлекет басшысы қазақ-өзбек қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқанын айтқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Өзбекстанмен ынтымақтастығы нығайта түсуге айрықша көңіл бөледі.