Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) пен Сабыржан Аққалықов (75 кг) Болгарияның София қаласында өткен "Странджа-2025" турнирінің жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екеуі де финалда жекпе-жек өткізбестен чемпион болды.
Бекзат Нұрдәулетов финалда 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен кездесуі тиіс еді, бірақ бұл жекпе-жек өтпейтін болды. Сабыржан Аққалықов пен Тимур Нұрсейітов арасындағы финалдық айқас та болмайды.
Сонымен қатар, Қазақстан боксшылары 63.5 кг және 71 кг салмақ дәрежелерінде тағы екі финалға шығады. Осылайша, Қазақстан ерлер арасындағы жалпыкомандалық медальдық есепте жеңіске жетті.