Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Степногорск ЖЭО-дағы қазандықтардың апаттық тоқтау фактілері бойынша ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан жоспардан тыс тексеру тағайындалды.
Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Анықталған бұзушылықтар мен қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.
Қазіргі уақытта Степногорск ЖЭО-да 4 қазандық және 3 турбина жұмыс істеп тұр.
Станцияның генерациясы 64 МВт, жылу желілерінің температуралық режимі сақталып тұр.