Степногордегі барлық тұрғын үйлерге жылу берілді

10 Желтоқсан 2023, 20:12
651
Бөлісу:
Степногордегі барлық тұрғын үйлерге жылу берілді

Степногор қаласындағы барлық тұрғын үйлерге жылу мен ыстық су берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қаладағы тұрғын үйлердің барлығына 100 пайыз жылу және ыстық су берілді. «Степногорск Теплотранзит» ЖШС диспетчерлері қаладағы барлық ПИК-не хабарласып, үйішілік жылыту жүйелерінде ақау бар-жоғын анықтауда.

Қазіргі уақытта «Викженис» ЖШС, «Арыстан» ЖШС, «Квартал» ЖШС жылытуда мәселе барын айтуда. Өзге ПИК-ден шағым түскен жоқ, - деді қала әкімдігінен.

Сонымен бірге, әкімдіктегілер қала тұрғындарынан үй ішіндегі жылыту жүйесінде қандайда бір мәселе болса, дереу ПИК-ке хабар етуге, ал ол өз кезегінде «Степногорск Теплотранзит» ЖШС диспетчерлерін құлақтандыратынын, егер ПИК-ке хабарласу мүмкін болмай жатса, онда әкімдіктің кезекшісіне 6-14-25 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалуды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы