Степногорде өрт шыққан пәтерден екі бала құтқарылды

1 Желтоқсан 2023, 22:15
538
Бөлісу:
Степногорде өрт шыққан пәтерден екі бала құтқарылды
Фото: baq.kz

Ақмола облысының Степногор қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде болған өрттен екі бала құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт көппәтерлі тұрғын үйдің 3 қабатындағы пәтерден шыққан.

Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 3 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Өрт болған пәтерден екі және жеті жасар бала құтқарылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған, - деді ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы