Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар стенд атудан жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аралас командалар арасындағы «трап» сайысында Айжан Досмағамбетова мен Әлішер Айсалбаев қола медаль еншіледі. Тағы бір қола жүлде Тайбэй командасына бұйырды.
Финалда Қытай мен Кувейт құрамалары өзара бас жүлдені сарапқа салады.