Стартап-жобалар грантына өтініш қабылдау басталды

1 Ақпан 2021, 23:02
2106
Бөлісу:
Стартап-жобалар грантына өтініш қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен инновациялық гранттарға стартап-жобалардың өтінімдерін қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. 

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2021 жылғы 12 ақпанға дейін жалғасады.

Алғашқы кезеңдерде ондаған жоба 10 миллион теңгеден, ал бір стартапты масштабтауға 140 миллион теңгеге дейін алады.

Инновациялық гранттар беру процесі қайта қаралатынын атап өту қажет. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша гранттық қолдау саясатын дәстүрлі модельден венчурлік жүйе тәсілдеріне өзгерту туралы шешім қабылданды.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің (ТДҰА) бұрынғы ережелеріне сәйкес ірі компаниялардың гранттық қолдау алу мүмкіндігі жоғары болды. Алайда, олар шағын және орта бизнес өкілдерін қарастырмады.

Енді, аудиторияның назары кеңейтілді және қазіргі модельде гранттарды ШОБ өкілдері мен MVP (ең аз өміршең өнім) сатысындағы жобалары бар стартаптар ала алады. Қазақстан аумағында инновациялық технология мен коммерциялық әлеуеті бар перспективалы өнім жасайды. Бұл ретте, грант алушының командасында кемінде үш білікті маман болуы тиіс.

Сонымен қатар, қаржыландыру үлесі артуда – инновациялық грант технологияны коммерцияландыруға жұмсалатын жалпы шығыстардың 90%-ын, ал жиынтық мәнде 150 миллион теңгеге дейін жаба алады. Бұрын қаржыландырудың тек 50% мүмкіндігі болған.

Жаңа модельде грант алушылар өздеріне келесі міндеттемелерді алады: грант қаражатын игергеннен кейін үш жыл ішінде жобаның жалпы сомасының кемінде 10%-ын қоса қаржыландыруды тарту, бұл ретте сату көлемі инновациялық грант сомасының кемінде 10%-ын құрауы тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік ресурстарды жосықсыз пайдалануды болдырмау мақсатында грант алушылар тарапынан міндеттемелерді сапасыз немесе уақтылы орындамағаны үшін жауапкершілік - қаражатты кері қайтару және айыппұлдар көзделеді.

Бұдан басқа, грант беру мерзімі алдыңғы форматта 83 жұмыс күні ішінде шешім қабылданса, ал қазір 45 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Құжаттарды қабылдау процесі толығымен автоматтандырылады. Сауалнамаларды қарау, шешім қабылдау, жобаларды сүйемелдеу және міндеттемелердің орындалуын қадағалау енді комиссия емес, Кеңес – QazInnovations жанындағы алқалы орган болады. Кеңес пен комиссияның негізгі айырмашылығы – тұрақтылығы, құзыреттілігі және менторлық көмек көрсету мүмкіндігі. Кеңесті ең алдымен инновациялық экожүйенің өзін дамытуға мүдделі коммерцияландыру және инвестициялау тәжірибесі бар тәуелсіз отандық сарапшылар құрайды.

Өзгелердің жаңалығы