Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Starlink спутниктік интернет жүйесі Қазақстанда ресми түрде іске қосылды

13 Тамыз 2025, 08:48
664
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

2025 жылғы 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында спутниктік интернет қызметтерін ұсына бастады. Енді ел тұрғындары SpaceX-ке тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосыла алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 12 маусымда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойған. Құжат ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талаптарды орындауды көздейді.

Starlink технологиясы шалғай және инфрақұрылымы әлсіз аймақтарда да тұрақты интернетке қосылуды қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тарифтер мен қосылу шарттары туралы толық ақпарат Starlink ресми сайтында жарияланған.

Өзгелердің жаңалығы