Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда 22-24 қазан аралығында Стамбұлда өтетін Түркі кеңесінің «Тұғырлы тарихы бар жарқын болашақ» тақырыбындағы Медиа форумы басталды, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің бейнежолдауында Медиа форумның барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Медиа форумның жұмысын ашып, өзінің сөзінде форум тақырыбы ортақ тамыры бар және түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен перспективалары бар түркі әлемінің барлық елдері үшін өзекті екенін атап өтті.
Қазақстандық делегацияны Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев бастап барды.