Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
2 155 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 828 адам, анықтамасыз 327 ҚР азаматты келді.Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 682 жолаушы, анықтамамен - 1 430, анықтамасыз - 252;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 398; анықтамасыз - 75.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 19 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет
Анықтамасыз келген 337 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбұл – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.