Бүгін таңертен Петропавл қаласының көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖД бөліміне балконнан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 5 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтердің балконы жанғанын анықтады.
ТЖМ күштерімен өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ,- деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: