СҚО-ның төрт ауылында малдан бруцеллез анықталып, шектеу шаралары енгізілді

28 Қараша 2023, 05:20
367
Бөлісу:
СҚО-ның төрт ауылында малдан бруцеллез анықталып, шектеу шаралары енгізілді
Фото: baq.kz

Тұғыржап, Үлгілі, Ленинское және Плоское ауылдарында малдан бруцеллез шықты. Бұл Солтүстік Қазақстан облысына қарасты елдімекендер. Қазір төрт ауылда да шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған елдімекендерде мал союға, ет және сүт өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынды. Ветеринарлар облыс бойынша үй жануарларын тексеруге кірісті. Жұқпалы ауру тарап кетпеуі үшін, 20 күн сайын малдан сынама алынады. Жалпы аймақта санитарлық сойысқа түскен түлік үшін 22,6 миллион теңге өтемақы төленген. Яғни жыл басынан бері 223 ірі қарадан осы ауру анықталған.

Соңғы дерек 13 қарашада тіркелді. Шаруа қожалығында бес ірі қарадан бруцеллез анықталды. Қазіргі уақытта ол ауылда шектеу шаралары енгізілді. Ауру мал бірден сою алаңына жіберілді. Оны қолдануға болмайды. Ол өңделеді, - деді облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

Өзгелердің жаңалығы