СҚО-дағы Сергеев су қоймасы 170%-ға толған

11 Сәуір 2024, 11:23
423
Бөлісу:
СҚО-дағы Сергеев су қоймасы 170%-ға толған
Фото: видеодан кадр

Түнде Сергеев су қоймасына аққан су төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта су қоймасының сыйымдылығы 170%, ал аққан су 395 см құрайды. Солтүстік Қазақстан облысы аумағының шамамен 15%-ында қар жатыр.  

Шамамен 682 мың текше метр су сорылды. Арықтар тазартылып, каналдар кеңейтіліп, тереңдетілді. Сонымен қатар дрондармен және тікұшақтармен аэровизуалды тексеру жүргізілуде, - деді СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің орынбасары подполковник Мұрат Қанғожинов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы