СҚО-да дабылды ескерту жарияланды

1 Сәуір 2019, 08:58
1729
Бөлісу:
СҚО-да дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Солтүстік Қазақстан облысында қатты желге байланысты дабылды ескерту жариялады.


"1 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде кей жерде жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерінде екпіні 23 м/с күтіледі", - делінген хабарламада.

Петропавл қаласында 1 сәуірде түнде және таңертең тұман болады, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы