СҚО-да жылу-электр орталығында апат болды

28 Желтоқсан 2021, 13:52
1652
Бөлісу:
СҚО-да жылу-электр орталығында апат болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығында бірнеше қазандық істен шығып, энергетиктер жылу беру қуатын азайтуға мәжбүр болған.

Қазандықтар ескіргендіктен қысымға шыдамай, тесілген. Апаттан кәсіпорынның бір жұмысшысы күйік алып, ауыр халде ауруханаға түсті.

27 жастағы ер адамның денесінің 40%-ы күйген. Беті, мойны, қолдары, белі мен аяқтары ыстық буға күйіп қалған. Бізге түскен кезде оны травматолог, терапевт пен анестезиолог-реаниматолог қарады. Бірден жансақтау бөлімшесіне жатқызу туралы шешім қабылданды. Қазір сырқат қарқынды терапиядан өтіп жатыр. Есін біледі, өздігінен демалуда. Жағдайы туралы айтуға рұқсат берді, тиісті ем-домды алып жатыр, – дейді қалалық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Жанна Мауытова.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жылу-электр орталығында екі қазандық істен шыққан. Кәсіпорындағы 12 қазандықтың алтауы жұмыс істеп тұр. Біреуі қалпына келтіріліп жатса, үшеуі жөнделуде. Облыс жылу және электр қуатынан ажыратылған жоқ.

Бұл – биыл тіркелген екінші апат. Қараша айының басында кәсіпорынның бірнеше қазандығы істен шығып, 50 мыңға жуық тұрғын электр жарығынсыз қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы