СҚО-да жылқы тұмауы тарады

14 Маусым 2022, 00:15
2185
Бөлісу:
СҚО-да жылқы тұмауы тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің солтүстігінде Қамбар ата төлінің неден ауырып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жануарлардан алынған сынама өткен аптада елордадағы арнайы зертханаға жіберілген еді. Малдың жылқы тұмауын жұқтырғаны расталды. Осыған байланысты қауіпті індеттің ошағы болып анықталған Есіл ауданындағы Заречный ауылдық округінде карантин жарияланды. Енді бұл аумақтан жылқы және оның өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды. Елді мекенде дезинфекциялық шаралар жүрді. Мамандардың айтуынша, өңірде бұрын-соңды мұндай ауру тіркелмеген.

Бұл – инфекциялық ауру. Оны жұқтырған жануар жөтеліп, демігеді. Дене қызуы көтеріледі. 20 жылқыдан осындай белгі анықталды. Оның үшеуінің жағдайы ауыр. Қазір аталған ауылда мониторинг жүргізілуде. Жағдай мамандардың жіті бақылауда. Бастысы, мал шығыны жоқ, – деді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

Өзгелердің жаңалығы