СҚО-да жол-көлік оқиғасынан 8 адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды

13 Шілде 2022, 17:50
1528
Бөлісу:
СҚО-да жол-көлік оқиғасынан 8 адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.СҚО-да жол-көлік оқиғасында 8 адам зардап шегіп, олардың біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

12 шілде күні сағат 19.30 шамасында Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 473-ші шақырымында Бескөл ауылының маңында Volkswagen Golf пен Chevrolet Lanos автокөліктері соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші және 6 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекмелерге жеткізілді, Volkswagen Golf автокөлігінің 64 жастағы жолаушысы Қызылжар аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Анықтау жүргізілуде.

Республикалық жолдарда, жолдың жүретін бөлігінің қиылыстарынан өтер кезде барынша сақ болу қажет. Арақашықтықты сақтап, жылдамдықты асырмаған жөн. Сондай-ақ, жүргізушілер жол қозғалысының басқа да қатысушыларының жүріс-тұрысына назар аударуы тиіс, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. 

Алты айда облыс аумағында 127 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 191 адам жарақаттар алып, 19 адам көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы