СҚО-да тұрғын үйден шыққан өрт 120 шаршы метр аумақты шарпыды

2 Маусым 2024, 16:38
337
Бөлісу:
СҚО-да тұрғын үйден шыққан өрт 120 шаршы метр аумақты шарпыды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін таңертең Жамбыл ауданы, Пресновка ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, жалын шаруашылық құрылыстарына тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қабылданған шаралардың арқасында құтқарушылар газ баллонын өрттен алып шықты. Өрт 120 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп жазды ведомстводан.

ТЖМ үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы