ТЖМ құтқарушылары СҚО-ында су басқан аймақтардан су сору жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Су тасқыны басталғаннан бері СҚО-ның су басқан елді мекендерінен құтқарушылар 4 млн. 306 мың текше метр суды сорды. Петропавл қаласының Подгора шағын ауданы, Заречный және Кожевенный кенттерінде 2129 тұрғын үй судан босатылды.
СҚО ТЖД бастығы полковник Ерік Сарыбаев және облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов су басқан аймақтарда болып, мониторинг жүргізді.