Петропавлда 18 жастағы спортшы синтетикалық есірткі сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футболмен шұғылданған жас жігіт жақында коллежден шығып кеткен. Содан кейін ол есірткі сататын интернет дүкенге жұмысқа тұрған.
Күдікті 3 айдан соң ұсталды. Одан оралған пакет анықталды. Сараптама оның ішінде жалпы салмағы 25,15 грамм α-PvP психоактивті есірткі болғанын дәлелдеді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін қылмыстық бап бойынша жүргізіледі. Жалпы есірткіні жасырушылар шамамен 2-3 ай жұмыс істейді. Содан кейін олар ұсталады. Ал есірткі сатушылар жеңіл ақша тапқысы келетін немесе кейде тіпті есірткінің дозасы үшін жұмыс істейтін басқа адамды іздей бастайды, - деді СҚО ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Руслан Сапаров.
Айта кетейік, биыл 9 айда өңірде есірткі сатты деген күдікпен 102 адам жауапқа тарталған. Оның 48-і – 17-25 жаста. Айналымнан 730 келі есірткі, оның ішінде 2,2 келіден асатын синтетикалық есірткі тәркіленді.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
СҚО-да спортшы 15 жылға сотталуы мүмкін

-
1Руслан Берденовті нақты не үшін атып кеткені айтылды18102Қызылорда-Астана пойызында босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген16533Руслан Берденовтің жағдайы туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді10234Әкім Тарази дүниеден өтті9335Берденовті атқан адам оның қол астында жұмыс істеген919