Қазақстанның соңғы жаңалықтары

СҚО-да құс фабрикасынан өрт шықты

Кеше, 22:53
131
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Бүгін күндіз Солтүстік Қазақстан облысының Якорь ауылында орналасқан құс фабрикаларының бірінің аумағында конвейер таспасы жанып, өрт ғимараттың шатырына өткен, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жедел жеткен кезде шатырдың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіру жұмыстарына кірісті.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа мерзімде оқшауланып, толықтай сөндірілді. Бұл жалынның одан әрі таралуының алдын алуға мүмкіндік берді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы