Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданындағы полиция әкімшілік ғимаратының аумағынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция департаментінің хабарлауынша, зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері жоқ.
Бейнебақылау камералары ер адамның аудандық полиция бөлімінің №2 әкімшілік ғимаратына қарай жолды кесіп өтпек болғанын анықтады. Содан кейін ол өз бетімен ғимарат аумағына барған, кейін оның денесі табылды, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұл аумақ күзетілмейді және негізгі полиция ғимаратынан 100 метр қашықтықта орналасқан.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар мен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қызметтік тексеру тағайындалды.