СҚО-да өзендер тасып жатыр: Су деңгейі күрт көтерілді

Қар мен мұздың еруіне байланысты өзендердегі су деңгейі тез көтерілуде.

 СҚО әкімдігі Бүгiн 2026, 19:15
Бүгiн 2026, 19:15
184
Фото: СҚО әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысында Шоптыкөл ауылы маңындағы Есіл өзенінің су деңгейі төрт сағат ішінде 40 сантиметрге көтерілгені тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Облыстық «Қазгидромет» филиалының мәліметінше, күннің жылынуына байланысты қар мен мұз қарқынды еріп жатыр, соның салдарынан өзендердегі су деңгейі артып келеді.

29 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, Аққанбұрлық өзенінің Возвышенка ауылы тұсындағы деңгейі бір тәулікте 85 сантиметрге көтерілген. Ал Рузаевка ауылында Шарық өзені 73 сантиметрге артқан. Иманбұрлық өзенінің деңгейі де біртіндеп өсіп жатыр. Қазіргі уақытта қауіп жоқ.

Шоптыкөл ауылы маңындағы Есіл өзенінің су деңгейі таңғы сағат 08:00-де 331 сантиметр болған, ал төрт сағаттан кейін тағы 41 сантиметрге көтерілген.

Өзендер әлі де мұз құрсауында. Синоптиктердің болжамынша, бүгін және ертең өңірде жылы ауа райы сақталып, ауа температурасы +17 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты автожолдарды су басу қаупі бар.

Наверх