СҚО-да көпір бөлініп, жүк көлігі өзенге түсіп кетті

СҚО-да көпір қақ бөлініп, жүк көлігі Есіл өзеніне түсіп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 20 Желтоқсан 2024 2024, 03:13
20 Желтоқсан 2024 2024, 03:13
751
Фото: скрин

СҚО-да көпір қақ бөлініп, жүк көлігі Есіл өзеніне түсіп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абырой болғанда, жүргізуші дін аман. Ол бидай тиеп, өткелден өтпек болған. Сол мезетте Мүсірепов ауданына қарасты Бірлік пен Нежинка ауылдарын жалғап тұрған көпір қақ айырылған. Белгілі болғандай, өткелді жергілікті шаруашылықтардың бірі салыған.

Ал аудандық әкімдік оның ауыр техникаға арналмағанын айтты.

Қоса кетейік, жүк көлігі судан шығарылды. Ал көпір қайта жөнделіп, қолданысқа беріледі.

Наверх