СҚО-да егіс жұмыстарына дайындық пысықталды

1 Сәуір 2024, 19:44
560
Бөлісу:
СҚО-да егіс жұмыстарына дайындық пысықталды
Фото: СҚО әкімдігінің ресми сайты

Бүгін көктемгі дала жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу туралы дәстүрлі семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Оның жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Егіс науқанын уақытылы және сапалы өткізу – солтүстік өңірінің ауыл шаруашылығын дамытудың кепілі. Дала жұмыстарын оңтайлы уақытта өткізу үшін мемлекет диқандарға қолдау көрсетіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жиында жауапты мемлекеттік органдар мен диқандар биылғы науқанның ерекшеліктеріне тоқталып, ғалымдар мен мамандар көктемгі дала жұмыстарын жүргізудің оңтайлы технологиялары мен ұсыныстарын айтты. Жауапты басшыларға егіс науқанын оңтайлы уақытта өткізу үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырдым, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Өзгелердің жаңалығы